Автобуспен екі көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза болды

21 Наурыз 2023, 10:32
675
Бөлісу:
Автобуспен екі көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза болды
VIDEO
Фото: Казахстанская правда

Астанада екі жеңіл көлік автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиға салдарынан жүргізушілердің бірі тіл тартпай кеткен. 

Жол апаты 20 наурыз сағат 20:30 шамасында Жұмабаев-Қошқарбаев көшелерінің қиылысында болған.

Жол апатына бірден 3 көлік түскен: Toyota, Audi және Iveco автобусы. Салдарынан Toyota маркалы көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп мәлімдеді Астана қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы