Шағын автобус 400 метрлік биіктіктен құлап кетті

28 Шілде 2019, 12:24
1712
Бөлісу:
Шағын автобус 400 метрлік биіктіктен құлап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Грузияның Пшавели-Абано-Омало асуында 400 метрлік биіктіктен шағын автобус құлап кетті. Бұл туралы жергілікті IMEDI телеарнасына сілтеме жасай отырып 24.kz хабарлады.

Кейбір жолаушылар автобус құлап бара жатқанда секіріп үлгерген.

Алдын ала мәлімет бойынша автобуста 12 адам болған. Олардың кейбірі автобус құлап бара жатқанда секіріп үлгерсе, қалғаны автобуспен бірге құлаған. 

Оқиға орнында құтқару операциясы жүріп жатыр. Тірі қалғандар тікұшақпен Телави қаласының ауруханасына жеткізілді. 

Жол апаты шағын автобус жүргізушісінің рөлге ие бола алмай қалуынан болған.

Өзгелердің жаңалығы