Австралияда су тасқынынан мыңдаған адам эвакуацияланды

4 Шілде 2022, 18:26
1625
Бөлісу:
Австралияда су тасқынынан мыңдаған адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сидней маңындағы қалашықтардың мыңдаған тұрғындары өз үйлерінен эвакуацияланды. 

Оған демалыс күндері жауған қатты нөсер салдарынан су қоймалары мен өзендегі су деңгейінің көтерілуі себеп болған деп жазады Deutsche Welle. 

Австралияның мемлекеттік метеорологиялық бюросы Австралияның адамдар ең тығыз орналасқан қаласының жағалауы мен Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының өзге бөліктерінде сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жел соғып, нөсер орын алуы мүмкіндігін ескертті. 

Ел үкіметі Сиднейдің батыс бөлігіндегі Уоррагамба бөгеті су деңгейіне төтеп бере алмайды деп отыр. 

Төтенше жағдайлар қызметі соңғы тәулікте олардың қызметкерлері 100-ден астам құтқару операцияларын жүзеге асырып, 3 мыңнан астам адамға көмек көрсеткенін айтты. 

Австралияда соңғы уақытта жаһандық климаттық өзгерістер қатты орын алғаны байқалуда. Атап айтқанда, құрғақшылық, ауқымды орман өрті мен су тасқыны жиі кездеседі.  

Өзгелердің жаңалығы