Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Экология министріне сын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қоқыс алаңдарына утиль төлем есебінен қаржыландыру қарастырылып жатқанын айтып, мәлімдеме жасады.
Премьер-министр Олжас Бектенов болса, бұл бағытта жұмыс баяу жүріп жатқанын айтады. Сөзінше, ауыз толтырып айтатындай нәтиже жоқ.
Жалпы осы бағытта жұмыс баяу жүріп жатыр. Ауыз толтырып айтатындай нәтиже жоқ. Министрлік әкімдіктердің жұмысын дұрыс үйлестіруі керек. Министрліктің осы бағытта белсенді ұстанымы керек. Біз мұндай жұмыстарды әлі күнге дейін көріп тұрған жоқпыз, - дейді Бектенов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, утильалым ақшасынан қоқыс өңдейтін зауыттарға несие беріледі. Елімізде жыл сайын 4,5 млн тонна қоқыс жиналады.