Алматы, BAQ. Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте 2021 жылы өтеді. Мұндай шешім Лас-Вегастағы Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы атқарушы комитетінің жиынында қабылданды. Бұл туралы Өзбекстан ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
«Біз әлемдік ауыр атлетика қауымдастығының сенімін ақтау үшін барымызды саламыз»,-дейді Өзбекстан ауыр атлетика федерациясы төрағасының орынбасары Шахрилло Махмудов.
Оқи отырыңыз: