«Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

26 Тамыз 2021, 14:08
1875
Бөлісу:
«Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы жылдары қазіргі заманның балалары көркем әдебиетті өте аз оқиды, классиктерді білмейді, интернеттен ақпарат алуды жөн көреді деген сөздерді жиі естіп жүрміз. Не нәрсенің болмасын теңгерімі болуы қажет деп санаймын, деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

Жаңа технологиялар – қазіргі заманың болмысы, бірақ кітап оқу дұрыс дамып келе жатқан ұлттың мәдени көрсеткіші деп білемін. Ұлттық классикалық шығармаларды білместен, мысалы, өз халқының мәдениетін, дәстүрін білу, бірегейлікті сақтау, балаларға дәстүрлі тәрбие беру мүмкін емес.

Прогресс – ғылыми әдебиеттің, ғылыми фантастиканың және т. б. кітаптардың арқасында мүмкін болғанын ұмытпайық. Отбасы күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен "Ауылыма кітап" республикалық қайырымдылық акциясы басталды, - деп жазды министр.

Акция 16 тамыздан 20 қыркүйекке дейін жалғасады: дәл осы аралықта ауыл кітапханаларына кітапты жинау және жеткізу жұмыстары жүргізіледі.
Осы акцияны қолдап, ауылдағы балалар пайдалы және қызықты әдебиеттерге қол жеткізіп, ерте жастан бастап өзекті оқу материалдарын зерделеп қана қоймай, көркем шығармалардың көмегімен жоғары моральдық және рухани-өнегелік қасиеттерді дамыту мүмкіндігі болуы үшін өзімнің жеке кітапханамдағы кітаптарыммен бөлістім.

Акцияға қатысуға бастамашыл топтарды, коммерциялық ұйымдарды және ауыл-аймақтағы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бейжай қарай алмайтын барлық адамды шақырамыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы