Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауылшаруашылық техникасының жеңілдетілген лизингі бойынша алуға 113 өтінім түсті

15 Тамыз 2022, 14:35
1248
Бөлісу:

Ауылшаруашылық техникасының жеңілдетілген лизингі бойынша  9,3 млрд теңгеге 113 өтінім түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизинг бағдарламасы басталған күннен бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға отандық өндірістің 93 тракторы мен 52 комбайнын сатып алу үшін Қазақстанның 11 өңірінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен жалпы сомасы 9,3 млрд теңгеге 113 өтінім келіп түсті. 

АШМ-нің мәліметі бойынша, бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 5 тамызда басталды. Қаржыландырудың жалпы сомасы 40 млрд теңген, оған мыңға жуық қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр. 

Бағдарламаның шарттары:

Лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;

Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6%; 

Лизинг бойынша бастапқы жарна - 0%;

Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең - 1 жыл.

Жеңілдікті бағдарлама шағын және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған, сондықтан бағдарлама бойынша бір лизинг алушыға - 205 млн теңгеден артық берілмейді және техника үш бірліктен аспауы үшін лимит белгіленген. Лизинг алушыны қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы