Ауыл шаруашылығы министрлігінің коррупциялық қауіптерді жоюда белсенділігі төмен

4 Маусым 2021, 13:31
1189
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы министрлігінің коррупциялық қауіптерді жоюда белсенділігі төмен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша V Республикалық кәсіпкерлер форумында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты. 

Оның айтунша, Энергетика министрлігі, санитарлық эпидемиологиялық бақылау, фармацевтикалық бақылау, ішкі мемлекеттік аудит комиеттері және Алматы, Түрксітан облыстары әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасалды. Сегіз салаға антикоррупциялық мониторинг жасалды. Олардың қатарында жер қатынастары, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешенді, азық- түлік өнеркәсібін қолдау, экологиялық реттеу, кәсіпкерлерге субсидия беру, білім беру гранттарын бөлу, авторлық құқық салалары бар.

Агроөнеркәсіптік кешен мен азық-түлік өндірісін мемлекеттік қолдау саласында да бірқатар коррупциялық қауіптер анықталды. Олардың қатарында ауылшаруашлығы жерлері мен арзандатылған жағар майды бөлу процестері, «Қолдау» ақпараттық жүйесінің мәселелері бар. Осы мәселелерді жою бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымыл агенттігі ұсыныстар енгізіді. Дегенмен Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан оларды жоюға деген белсенділік өте төмен, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы