Өскеменде зайсандықтар ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізді

16 Наурыз 2019, 17:38
3673
Бөлісу:
Өскеменде зайсандықтар ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізді
PHOTO
Фото: автордан

Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Өскемен қаласында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізген Зайсан ауданының шаруагерлері тоннадан астам тары, талқан өнімдері мен арзан бағаға мал етін саудалады. Бұл жәрмеңкеде қайырымдылық шарасы да назардан тыс қалмай ауыл кәсіпкерлері «Үміт» балалар үйіне арнайы ала келген базарлықтарын табыстады.


Ет өнімдерінің әдеттегі базар бағасынан әлдеқайда төмен саудаланғанын алға тартқан жауапты тұлға, бұл жәрмеңкеге Зайсан ауданының барлық 9 ауылдық округінің бір адамдай қатысқанын айтады. Жалпы ауданның бұл жәрмеңкесі Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтіп жатуына байланысты барлық шаралар қазақ ұлтына тән дәстүрде ұйымдастырылған.

Өскеменде зайсандықтар ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізді

«Осындай жәрмеңкені жылына екі-үш рет ұйымдастырамыз. Бұл жердегі басты мақсат бағаны тұрақтандыру. Сонымен қатар Наурыз мейрамына қарсы тары-талқан өнімдерін әкелдік. Өздеріңіз білесіздер, келесі аптада еліміз Ұлыстың ұлы күнін тойлатады. Әр үй наурыз көже пісіреді. Ал тары - наурыз көжеге қосылатын жеті түрлі тағамның бірі. Осы себепті бұл жолғы әкелген өнімдеріміздің барлығы мереке қарсаңында тұрғындар алып қояды-ау деген азық-түлік түрлері», - деп қосты Зайсан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұратхан Киямазанов.

Өскеменде зайсандықтар ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізді

Өскеменде зайсандықтар ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізді


Естеріңізде болса, біз бұған дейін Өскемен қаласында Күршім, Тарбағатай және Глубокое аудандары әкімдіктерінің ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізгені жайында жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы