«Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты жастар форумы өтті

12 Қазан 2021, 12:25
1109
Бөлісу:
«Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты жастар форумы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмоло облысы Целиноград ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты жастар форумы өтті. 

Іс-шараны Жастар ресурстық орталығы және Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды.

Форумға дербес бөлімдердің, аумақтық құрылымдар мен ведомстволардың жас мамандары, волонтерлік ұйымдар мен бірлестіктердің мүшелері, студенттер қатысты.

«Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты жастар форумы өтті

Форум Целиноград ауданының Тәуелсіздік жылдарындағы дамуына арналған көрменің ашылуынан басталды. 

Аудан әкімі құттықтау сөзінде осындай іс-шаралар жастарды біріктіріп, олардың қоғамдық белсенді бөлігіне айналуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бүгінде жастар біздің қоғамның ең бастамашыл, талантты және мақсаткер бөлігі болып табылады, оның жарқын жетістіктерін бүкіл Қазақстан мақтан тұтады және сүйсінеді. Маңызды білім беру және ғылыми жобалар, табысты стартаптар, спорттық медальдар, шығармашылық байқаулардағы жеңістер сіздің дұрыс жолда екеніңізді үнемі растайды, - деп атап өтті Бахыдбек Оспанбеков.

Бүгінгі күні Целиноград ауданында 14-29 жас аралығындағы жастар саны 16 890 адам.

«Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты жастар форумы өтті

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет жастар мәселелеріне ерекше көңіл бөледі - мемлекеттік жастар саясатының мақсаттары мен міндеттері, жастармен жұмыстың бағыттары мен басымдықтары анықталды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Дипломмен ауылға» және басқа да бағдарламалар жастардың қажеттіліктері мен қабілеттерін өзін-өзі анықтау және іске асыру үшін жағдай жасауға, кәсіби өсуге бағытталған.

Аудан әкімі жас ұрпаққа сарқылмас қуат, өз күшіне сенімділік және барлық бастамаларына сәттілік тіледі.


Өзгелердің жаңалығы