Ауылдың әлеуметтік құрылымын дамытуда ауыл шауашылығының маңызы зор – Әшімова

13 Қараша 2020, 12:08
1422
Бөлісу:
Ауылдың әлеуметтік құрылымын дамытуда ауыл шауашылығының маңызы зор – Әшімова
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының депутаты және шаруа қожалығының басшысы Айман Әшімова «Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы игі бастамалары және ТДМ-2030 жетістіктері» атты  ауыл әйелдерінің III республикалық форумы барысында айтты.

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген ұғым бар. Мен Қордай ауылында дүниеге келіп, білім алып, тұрмысқа шықтым. Қазір 7 баланың анасы – «Алтын алқа» иегерімін. 2001 жылдан бастап отбасымызбен «Бай-Нұр» шаруа қожалығын ашқан болатынбыз. Қол астымда 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Тұрақты түрде 50 адам, 70 адам маусымдық кесте бойынша келіп тұрады, - деді Әшімова.  

Кәсіпкердің айтуынша, шаруашылық асыл тұқымды ірі қара малды өсірумен айналысады. 

2010 жылы мал бордақылау орталығын да ашқан болатынбыз. Қазіргі таңда 3 мың бас ірі қара малын бордақылап, Алматы, Жамбыл облысына ет өткізіп отырмыз. 2019 жылдың үлкен жетістігі экспортқа өнім шығара бастадық. Қытай, Иран мен Араб елдеріне шығып, ет өткізіп жатырмыз. Мемлекет басшысы да бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін ауыл шаруашлығын дамыту керек. Оған өте үлкен көңіл бөлініп жатыр. Ауылдық жерде ауыл инфрақұрылымын дамытуға ауыл шаруашылығының үлесі өте зор деп білемін, - деді ол.  

Әшімова Қордай аудандық мәслихатының депутаты ретінде де жастармен кездесіп, олардың мал шаруашылығын дамытуға деген идеяларына көңіл бөлетінін айтты. 

 

Әрине, жұмыс болғандықтан көп қиын мәселе болады. Басында жер мәселесі мен техника бойынша көп қиындықтар туды. Бірақ жұмыс істеймін, алға қойған мақсатқа жетемін десе, барлық қиындықты жеңеміз. Мемлекеттің субсидияларын қолданып жетістікке жетіп жатырмыз. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылғандай өте үлкен көңіл ауылға бөлініп жатыр. Денсаулық сақтау, білім беру мен ауыл шаруашылығына ден қою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл өте қуанышты жағдай, - деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы