Ауылда жаңадан қандай жұмыстар ашылады?

Бүгiн, 16:02
227
Бөлісу:
Ауылда жаңадан қандай жұмыстар ашылады?
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі Асқар Биахметов биыл қанша жұмыс орны ашылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист "Биыл жұмыссыздықты қанша пайызға қысқартқалы отырсыздар?" деп сұрады.

2025 жылғы жұмыс орындарын құру жоспары 903 мыңға жуық... (адамды тартады). Сол себепті қазір қандай көрсеткішке жететінімізді айта алмаймын, бірақ қолда бар көрсеткіштен төмен болмауға тиіс, - деді Биахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Әзиз Ибрагимовтің сөзінше, жұмыссыздық мәселесін әрі өңірде іске асып жатқан инвестициялық жобалар шешеді.

4,6-4,7 пайыз жұмыссыздық деңгейі деп айтып отырғаныңызды статистика органдары есептейді. Біздің министрлік халықты жұмыспен қамту шараларын жүргізеді. Яғни уақытша жәрдем беруге арналған. Оның ішінде көмек осал топтарға, көпбалалы аналарға және басқа да санатттарға жүргізіледі. Иә, Еңбек министрлігі өңірлемен бірлесіп жаңа шаралар бастайды, бірақ жалпы көрсеткеше тікелей әсер етеді деп айту обьективті емес, - дейді спикер.

2029 жылға дейін сапалы жұмыс орындарының санын 3,8 млн-ға жеткізу көзделген

Орта мерзімді кезеңге еңбек нарығы дамуының басым бағыттарын айқындау үшін 2023 жылы Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдама арқылы сапалы жұмыс орындарының санын 2029 жылға қарай 3,8 млн-ға дейін ұлғайту көзделген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сапалы жұмыс орындарының саны 2,5 млн-ға жуық.

Сонымен қатар Министрлік ауылдарда жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын: маусымдық қонысаудару жолымен вахталық, маусымдық, мобильді кәсіпкерлік енгізу мәселесін қарастыруда. Бұған қоса, солтүстік макроөңірде 22,8 мың жұмыс орнын құрумен 3,6 трлн теңгеге 116 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Орталық-шығыс макроөңірде 28,1 мың жұмыс орнын құрумен 13,4 трлн теңгеге 263 жоба іске асуда. Былтыр жүргізілген жұмыстың нәтижесінде елде 979 мыңнан астам азамат жұмысқа орналастырылды немесе жоспардың 103% - ы орындалды. Оның 714 мыңға жуығы - тұрақты жұмыс орындары, - дейді Еңбек вице-министрі.

Өзгелердің жаңалығы