Ауылда үй салған жұмыс берушілерге субсидия беріледі

4 Сәуір 2023, 09:46
1656
Бөлісу:
Ауылда үй салған жұмыс берушілерге субсидия беріледі
Фото: inbusiness.kz

Ауылдық жерлерде тұрғын үй проблемасын шешу үшін субсидиялау тетігі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Халықтың сапалы тыныс-тіршілік деңгейін арттыру және инфрақұрылымдық дамудың негізгі проблемаларын шешу мақсатында, жоспарда базалық инфрақұрылым жобалары, оның ішінде автомобиль және темір жолдарымен, авиа желілермен, сумен, жылумен, газбен және электрмен жабдықтау, сондай-ақ байланыс, телекоммуникациямен (телефон, интернет) қамтамасыз ету көзделетін болады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол Ұлттық жоспар әлеуметтік-коммуналдық салалардағы проблемаларды шешуге ғана емес, пайдалануға берілетін жаңа өнеркәсіптік объектілердің энергия ресурстарына өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталатынын алға тартты.

Халықтың ауылдық және шекара маңындағы аумақтардан кетуін азайту мақсатында бірінші кезекте жаңа өндірістерді іске қосу жолымен тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру, Өнеркәсіп қорында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ауылдағы тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында өз қызметкерлері үшін жалға берілетін үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылды. Осы тетік арқылы ауыл қызметкерлері үшін 14,3 млрд теңге сомасына 2 855 тұрғын үй салу жоспарланып отыр, - деді Марат Қарабаев.

Белгілі болғандай, бұдан басқа, ауылдық жерлерде жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында жыл сайын 22 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етіледі.

Өзгелердің жаңалығы