Ауыл жастары жұмыспен қалай қамтылады

14 Қазан 2024, 12:30
358
Бөлісу:
Ауыл жастары жұмыспен қалай қамтылады
Фото: Артём Чурсинов -архив

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек нарығына жылына 200 мың-300 мыңнан астам адам келіп жатқанын айттыңыз. Қазір ауыл мен қаланы қарайтын болсақ, урбанизация өте жоғары деңгейде дамып жатыр. Яғни ауылдан қалаға көшушілер көп. Басты себеп – жұмыссыздық, жұмыстың жоқтығы, - деп айтты депутат.

Мұқаев министрден ведомство ауылдағы жұмыссыздықпен қалай күресіп жатқанын сұрады.

Ауылдағы жұмыссыздықпен күресу үшін қандай іс-шаралар қабылданып жатыр? Ауылда осынша жасты жұмыспен қамтыдық деген статистика болса, санмен айтсаңыз. Ауылда қанша адамды жұмыспен қамтып отырмыз? Қандай жоспар бар? – деп сұрады депутат.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ресми статистика бойынша, 1,1 млн азамат жұмыс істесе, оның жартысынан көбі өзін жұмыспен қамтып отырған адамдар екенін айтты.

Біздің министрлік, Ауыл шаруашылығы министрлігі, ғылыми-сараптама қоғамы – барлығымыз бірігіп, ауыл шаруашылығына еңбекті нормалау әдістемесін енгізіп жатырмыз, - деп айтты ведомство басшысы.

Ауыл жастары жұмыстың 3 түрі берілмек. Олар – маусымдық, вахталық және мобильді кәсіпкерлік.

Өзгелердің жаңалығы