Ауыл тұрғындары жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

24 Қазан 2020, 23:55
1601
Бөлісу:
Ауыл тұрғындары жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбенің Темір ауданында «Анаға сый» қорының қолдауымен үш баланы жалғыз асырап отырған ана баспаналы болды.

Ана мен балаға көмек көрсету жұмысын жүйелеу үшін құрылған «Анаға сый» қоры бір отбасын қуанышқа бөледі. Темір ауданы, Жақсымай округінің тұрғыны Әлия Қасымоваға баспана тарту етті. 

Бұл маған тосынсый болды. Негізі өзім пәтер кезегіне тұрдым. Мұқтаж отбасы санатына тіркелгеніммен үй сұрап, мазасын алмадым. Бұйырды, алғысымды айтамын. Әрі өзім балаларымның болашағы үшін пәтерге қаржы жинап жүрмін. Олардың ертең-ақ өсіп, азамат болатынын ойлап, жұмыстан тартынбадым. Қамқорлық көрсеткен адамдарға алғысымды айтамын, - деді Ә.Қасымова. 

Сонымен бірге, 3 бала тәрбиелеп отырған Гүлмира Мұсаға теледидар, көпбалалы ана Раушан Бегімоваға кір жуатын машина, кəсібін бастаған Данагүл Бақытжановаға тігін машинасы берілді. 

Ұлттың ұйытқысы – анна» атты рухани кешке ұлағатты ұстаз Мәрия Елемесова, «Анаға сый» қорының мүшесі Бибіхан Шадиева, Жақсымай ауылдық округі əйелдер кеңесі төрағасы Гүлнао Өмірова, дəрігер-гинеколог Кәмпит Дабылдина жəне қор құрылтайшылары мен қамқоршылық кеңес мүшелері қатысып, ақыл -кеңесімен бөлісті. «Анаға сый» қоры Құндыз Бижанова, Рая Изтаева, Тілектес Көрпебаева, Құралай Өтегеноваға қаржылай көмек ұсынды. Аудан кəсіпкерлері мұқтаж отбасыларға арнайы сый әзірледі.

Қазақ – жетім-жесірін жылатпаған халық. Біз, Темір жұрты жүрегіміздің жылуын қарапайым халықтың мұқтаж отбасына сыйлауға дайынбыз. Осы игі іске ат салысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Ауызбіршілігіміздің өскелең ұрпаққа үлгі болсын. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» демекші əрі қарай да жұмыла игі істі жалғастыруға шақырамын, - деді аудан əкімінің орынбасары Нұрлыгүл Көшекбаева. 

Айта кетейік, «Анаға сый» қорына ауыл тұрғындары қаржы жинап жүр. Түрлі сала қызметкерлері бір күндік жалақысын аударады.

Өзгелердің жаңалығы