Ауыл тұрғындары көбінесе қандай ауруларға шалдығатыны белгілі болды

10 Қазан 2022, 11:06
751
Бөлісу:
Ауыл тұрғындары көбінесе қандай ауруларға шалдығатыны белгілі болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ауыл халқының денсаулығына келетін болсақ, көбінесе тыныс алу ағзаларының ауруларынан зардап шегеді. Олардың 42,7%-ы  тыныс алу ағзаларының дертіне шалдыққан. Ас қорыту – 9%, несеп-жыныс жүйесі – 6,3%, қанайналым жүйесінің аурулары – 5,4%, жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланулар – 4,6%-ды құрайды. Онкологиялық аурулар 1%-ға тең, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, ауылда, жалпы ел бойынша, өлім көрсеткішінің құрылымында қанайналым жүйесінің ауруларынан, қатерлі ісіктерден, тыныс алу ағзаларының ауруларынан және жарақаттардан болатын өлім басым.

Коронавирус инфекциясы пандемиясының жалпы халық денсаулығының негізгі көрсеткіштеріне әсер еткенін атап өткен жөн. Сонымен бірге ауылда денсаулық сақтауда бірқатар проблемалық мәселелер бар. Динамикалық бақылау сапасының төмендігі, консультациялық-диагностикалық қызметтердің жеткіліксіз қолжетімділігі байқалады. Созылмалы аурулары бар пациенттерді қымбат дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету ауыл тұрғындары арасында қала тұрғындарымен салыстырғанда 2 есе аз. Бірқатар ауылда дәріхана пункттері жоқ, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы