Ауыл тұрғындары емделу үшін қалаға баруға мәжбүр

8 Желтоқсан 2022, 14:44
832
Бөлісу:
Ауыл тұрғындары емделу үшін қалаға баруға мәжбүр

Бұл туралы депутат Амангелді Толамисов Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған сенатор медициналық ұйымдарды жеткіліксіз қаржыландыру және емдеу-профилактикалық ұйымдардағы кредиторлық берешектің өсуін алға тартты. Сондай-ақ дәрігерлердің жалақысы төмен және оны төлеудің кешігуі, салық төлеудегі қиындықтар, дәрі-дәрмектерді сатып алу және коммуналдық қызметтерді төлеуге тоқталды.

Айтуынша, ауылдық медициналық мекемелердің барлық осы проблемалары елдегі емханалар мен ауруханалардың дұрыс қаржыландырылмауының салдарына айналған.

Жыл сайынғы бюджетті бекіту кезінде Үкімет 2021 жылғы нақты тапшылықпен нақты шығындар бойынша есептеулер жүргізген, айқын тапшылықтар байқалады. Өкінішке қарай, Денсаулық сақтау министрлігі де, ӘМСҚ да осы уақытқа дейін бұл қаражаттың ұлғаюына қол жеткізген жоқ. Соның салдарынан ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруда күрделі жағдай қалыптасты. Бастапқыда міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге бөлінген қаражат көлемі 2022 жылы медициналық ұйымдар мәлімдегеннің 70-77%-ын құрады. Қазіргі жағдайда денсаулық сақтау ұйымдары еңбекақы төлеу бойынша, салықты уақтылы төлеуде, дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алуда, коммуналдық қызметтерді төлеуде қиындықтарға тап болуда, - деп атап өтті Амангелді Толамисов.

Сенатор денсаулық сақтау саласындағы ауылдық емханалардың техникалық жарақтандырылуын да өзекті мәселе екенін атап өтті. Аудандық медицина ұйымдарының теңгеріміндегі автокөліктердің 80%-ы моральдық және техникалық жағынан ескірген. 

Ауылдық жердегі көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімсіздігі мен мамандардың тапшылығынан ауыл халқы жаппай ағайын-туыс жағалап, қалаға келіп емделуге мәжбүр болып жүр. Осы орайда, амбулаториялардың, акушерлік пункттер бойынша, жедел жәрдем көліктері бойынша, жалпы, алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесін жақсарту бойынша Үкімет жедел шаралар қабылдау керек деп емесптеймін, – деп атап өтті сенатор.

Өзгелердің жаңалығы