Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Агроөндірістік кешен комитетінің төрағасы Жигули Дайрабаев баспасөз конференциясында айтты.
Ауыл шаруашылығы кешені түбегейлі артқа қалса келіспейміз енді. Бұл салада жасалған жақсы бастамалар да бар. Қарапайым фермерлердің мақсаты халыққа өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Мал шаруашылығымен айналысса, осы саладағы өсімді қадағалауы керек. Фермерлер осы мақсатты жүзеге асыруы керек. Ал қалған жағдайды Үкімет жасауы керек,- деді Дайрабаев.
Ол кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында да бұл мәселені айтқанын жеткізді.
Біз бұл мәселені үнемі айтамыз. Азық-түлік қымбаттап кетті. Қант та қымбаттады. Ауыл шаруашылығының жағдайы қиын екені рас. Оған түбегейлі бетбұрыс жасамайтын болсақ, бұдан да қымбаттайды. Бір қанттың өзін алсақ. Республикада Жамбыл мен Алматы облысындағы қант зауыттары толық қуаттылықта жұмыс істемей тұр. Ол қуаттылығын арттырса, қанша жұмыс орны ашылатын еді,- деді Жигули Дайрабаев.
Айта кетейік, 14 шілдеде Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев 3 министрге сөгіс жариялады.