Ауыл шаруашылығында жалған деректерге сүйеніп, шешім қабылданып келген

21 Ақпан 2024, 15:37
4070
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығында жалған деректерге сүйеніп, шешім қабылданып келген
Фото: ortcom.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір дерек бұрмаланып келгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, статистиканың бұрмаланғаны байқалады. Көп жыл бойы қалыптасқан есептеу әдістері дұрыс болмағаны бәріңізге белгілі. Соның салдарынан бұрмаланған деректерге сүйеніп, шешім қабылданып келді. Бұдан кейін сенімді деректерге сүйеніп, заман талабына сай есептеудің жаңа тәсілдерін қолдануымыз қажет. Осы бағытта жұмысты бастап та кеттік. Арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелеріне ауыл шаруашылығындағы деректерді ретке келтіру міндеті жүктелді, - дейді Айдарбек Сапаров орталық коммукациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ министр өсімдік шаруашылығындағы әртараптандыру негізінен қағаз жүзінде жүргізілетінін атап өтті.

Қазақстанда елдің негізгі астық егетін өңірлерінде монокультура - бидай басым (жалпы ауданы 13 млн га), бұл әлемдік нарықтардағы бағалардың ауытқуына байланысты саланы әлсіретеді, сондай-ақ топырақтың жай-күйіне кері әсер етеді. Егіс алаңдары мен тәуекелдерді әртараптандыру керек, яғни тиімділігі жоғары сұранысқа ие дақылдар өндіріліп, ауыспалы егістер сақталуы керек. Алайда, әзірге бұл жұмыстар өте баяу жүріп жатыр, - дейді Сапаров. 

Сапаровтың айтуынша, қолданылатын агротехнологиялардың деңгейі мен ауыл шаруашылығы техникалары жөнді түрде жаңармай келеді.

Елде тыңайтқыштарға ғылыми негізделген қажеттіліктің тек 21%-ы енгізіледі. Элиталық тұқымдардың үлесі 7%, салыстырмалы түрде айтсақ Ресейде 2 есе көп. Ал техниканы жаңарту деңгейі 10% -дық норманың 4,5%-ын ғана, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы