Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
772

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әбілхайыр Ғалымұлы Тамабек Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы  Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында дүниеге келген.

Халықаралық бизнес университетін, Луис ұлттық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке компанияда инспектор болып бастаған.

2015-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2020-2022 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы.

2022 жылғы ақпан айынан бастап қазірге дейін — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы