Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

17 Тамыз 2020, 16:05
1873
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды. 

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 

2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы - М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы - Назарбаев университетін тәмамдаған. 

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.  

2014-2017 жылдары - "Транстелеком" АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі. 

2017-2018 жылдары - "Астана - жаңа технологиялар - 2008" ЖШС директоры. 

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы