Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстау облысына барды

11 Ақпан 2022, 09:08
1455
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстау облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы 9-10 ақпан аралығында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысының шалғайдағы фермерлік шаруашылықтарына барды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство басшысы фермерлермен кездесіп, жемшөп бағасын бақылап, операторлардың қоймаларын қарап шықты. Сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты. 

Ведомство басшысы фермерлермен кездесуде азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан күрделі жағдайды талқылау, жағдайды тұрақтандыру үшін одан әрі қадамдар жасау және жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелерін қарау мақсатында келгенін хабарлады.   

Ербол Қарашөкеев өткен жылы 733 шаруа қожалығы 281 089 мал басымен және 6776 жеке қосалқы шаруашылық көмек алғанын атап өтті.

 «Әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың 31 қаңтарында ҚР Үкіметінің резервінен қосымша тіркелген 71 343 ауыл шаруашылығы жануарын көмекпен қамту үшін 663,9 млн теңге бөлінді», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттілігін ескере отырып, ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 31 мамыры аралығында «Жасыл дәліз – 3» функционалы ашылды. Толық қамту және үздіксіз жұмыс істеу үшін ветеринариялық дәрігерлері жоқ елді мекендерге қосымша 17 қызметкер жіберіліп, олардың барлығы қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді.

Маңғыстау облысының фермерлерін қолдау мақсатында Азық-түлік корпорациясының резервінен 220 тонна кебек жеткізілді, ол арзандатылған бағамен сатылады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда астық егетін өңірлерден 1000 тонна жөнелтуге дайын.

Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстау облысына барды

Ведомство басшысы облыстағы және құрғақшылық кезінде өлген жануарлардың жалпы саны мәселелеріне жеке тоқталды. Оның айтуынша, 2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша ұсақ мал - 363,4 мың бас, жылқы – 113,5 мың бас, түйе - 82,2 мың бас, ірі қара мал - 24,5 мың бас. 

Айта кету керек, соңғы жылдары жылқы малының өсуі байқалады, тек өткен жылдың тамыз айынан бастап олардың саны 24 627 басқа артты. Сонымен қатар, олардың арасында жергілікті жағдайларға бейімделмеген, бұрын Батыс Қазақстан, Ақмола және басқа облыстардан әкелінген тұқымдардың бар екендігі байқалады. Бұл мамандардың пікірінше, аймақтың жайылымдық ерекшелігі ірі қара мен жылқылардың толыққанды өсірілуіне ықпал етпейді.

Сондай-ақ, барлық мал басының 40% ұйымдастырылған шаруашылықтарда шоғырланғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты, ведомство басшысы фермерлерді алдағы кезеңде жемшөппен қамтамасыз ету жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Министрдің пікірінше, жергілікті атқарушы органдар мен аграршылар жаңа механизмдерді әзірлеп, жазғы кезеңде мал азығымен қамтамасыз ету үшін қосымша мүмкіндіктерді қарастыруы, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне шалғайдағы мал шаруашылығы әлеуетін кеңінен пайдалануы қажет.   

Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстау облысына барды

Ведомство басшысы жемшөппен қамтамасыз ету аудан әкімдерін міндеті екенін айтып, аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарды осы мәселелерді белсенді шешуге шақырды. Сондай-ақ олардың тікелей функционалдық міндеттерін іске асырудағы енжарлығын атап өтті.

Сөз соңында Ербол Қарашөкеев Министрліктің АӨК мемлекеттік қолдау жүйесін реформалау саласында жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етіп, оның «барлық мүдделі тараптармен тығыз өзара іс-қимылда жүргізіліп жатқанын» атап өтті. 

Өз кезегінде фермерлер өздерінің проблемалық мәселелерін айтып, ұсыныстарын айтып,  сұрақтарын қойды. Министр қатысушыларды жүйелі сипаттағы проблемалар мен ұсыныстар үкіметтік деңгейде қаралатынына сендіріп, барлық жинақталған проблемаларды сындарлы, ашық диалог пен өзара сенім арнасында ғана шешуге болатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы