Корея дәрігерлері ковидпен жеңіл түрде ауырып жатқандарға кеңес берді

11 Ақпан 2022, 08:52
1340
Бөлісу:
Корея дәрігерлері ковидпен жеңіл түрде ауырып жатқандарға кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған және ауру жеңіл өтіп жатқан азаматтарға үйде қалуға кеңес берілді, деп жазды Хабар24.

Дәрігерлердің көмегіне тек ауру асқынған кезде жүгінуге болады. Жуырда ел билігі осындай қаулы қабылдады. Бұл ауруханаларға түсетін жүктемені азайту мақсатында жасалған. 

Сондықтан бұдан былай емханаларға тек 60-тан асқандар мен қосалқы ауруы бар адамдар ғана жатқызылады. 

Қазір Оңтүстік Кореяда омикрон штамы өршіп тұр. Өткен тәулікте елде 54 мыңнан астам азаматтан қауіпті инфекция анықталған.

 

Өзгелердің жаңалығы