Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында көктемгі егін науқанына орай 3 шаруагер 48 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау алған.
Төтенше жағдай ауыл шаруашылығын қаржыландыру жұмыстарына кедергі емес. Карантинге қарамастан "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ және "Агро несие корпорациясы" АҚ-ның тиімді несиелендіру жүйелерін шаруагерлерге насихаттау мақсатында мобильді топ құрылды. Жергілікті штабтан блок бекеттерден еркін өтуіне рұқсат алынды Қазір олар аудандардағы, елді-мекендердегі барып, шаруалардың өтініштерін қабылдап жатыр,-дейді Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаев.
Жалпы Атырау облысында ауыл шаруашылығымен айналысатын 3 мыңнан астам кәсіпкер бар. Олар 2800-ден астамы шаруа қожалықтары, 12 жауапкершіілігі шектеулі серіктестігі, 26 кооператив, 29 жеке кәсіпкер.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша облыс халқы ет және сүт өнімдерімен 100 пайызға қамтылған. Дегенмен жергілікті шаруагерлер мен кәсіпкерлер сүт өнімдерін өңдеуге қызығушылық танытпай отыр екен. Бұған себеп сүт өнімдерін өңдеуде технологиялық процестерінің күрделілігі.
Өкінішке орай, облыста сүт өнімдерін өңдеуге ниет білдіріп жатқан шаруалар жоқтың қасы. Биыл бірен-саран кәсіпкер бастады. Біз қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұрын ауыл шаруашылығына субсидия көп берілетін. Қазір бұл азайды. Тек басым бағыттарға ғана беріліп жатыр.Өткен жылдың есебі бойынша облыста 627 шаруа қожалығы мемлекеттен қаржылай қолдау алды. Олар мал басын асылдандырып, көбейткендер, сондай-ақ, жұмытқа, сүн өндіргендер. Одан басқа егін егетін шаруашылықтарға минералдық тыңайтқыштары үшін 50 пайызбен, каналдардан алған суына 85пайызбен субсидия берілді. Сонымен қатар кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығына құйған инвестициясының 1 пайызын субсидиялайды. Оған қоса шаруагерлер техникаларын лизингке алады. Оның да қаржысының пайыздық өсіміне мемлекет тарапынан қолдау бар,-дейді Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаев.