Ауыл қалай дамиды?

25 Сәуір 2022, 10:26
4354
Бөлісу:
Ауыл қалай дамиды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі​ Әлібек Қуантыров «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру барысы туралы айтып берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық аумақтарды дамыту мақсатында министрлік «Ауыл-Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру бойынша жоспарды жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Қуантыровтың айтуынша, жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне дейін жеткізу арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту.

Бұл әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, өмір сүруге қорлайлы жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады. Ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл таңдалды. Оларда ауыл тұрғындарының 80%-ы тұрады. Осы 3,5 мың ауылдың 1 171-і тірек ауылы және оның айналасында 2 368 жақын спутниктік ауыл бар. Бұл ауылдарды жоба аясында дамыту бірнеше мәселе ретінде жүзеге асырылып жатыр, - дейді министр.

Оның мәліметінше, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 6 293 ауыл бар. Бұл ауылдарда 7,8 млн халық тұрады.

4,4 мың ауыл орталықтандырылған сумен қамтылған. Бұл жалпы санының 74,4%. 5,5 мың ауылда аудан орталығына асфальтталған жолдар, 3,7 мың ауылда мәдениет нысандары, 4,6 мың ауылда білім беру нысандары, 5,2 мың ауылда денсаулық сақтау объектілері, 4 мың ауылда спорт нысандары бар, - деп түсіндірді Әлібек Қуантыров.

2019-2021 жылдарға 206 млрд теңге бөлініп, 2,6 мыңнан астам жоба жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы