«Ауыл» партиясының төрағасы мәлімдеме жасады

6 Маусым 2022, 14:20
2206
Бөлісу:
«Ауыл» партиясының төрағасы мәлімдеме жасады
Фото: автордан

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев референдум нәтижелері бойынша мәлімдеме жасады.  

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2022 жылдың 5 маусымында өткен жалпыұлттық Референдумның нәтижесін толыққанды құптайды. Партиямыздың 700-ден астам мүшесі, аймақтардағы белсенділеріміз Референдум барысын бақылау ісіне атсалысып, дауыс беру учаскелерінде партияның атынан өкілдік етті. «Ауыл» партиясының өкілдері болған учаскелерде қандайда бір заң бұзушылық болмаған. Сондықтан «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Жалпыұлттық референдумның ұйымдастырылуы мен өткізілу барысының Қазақстан Республикасы заңдарына толықтай сай болғандығын мәлімдейді, - деді партия төрағасы өз мәлімдемесінде.

Әли Бектаев «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мүшелері референдумды өткізу жайлы жарлық шыққаннан бері түрлі елдімекендерде шаруалармен, қалалардағы кәсіпорынның өкілдерімен, аграрлық ғалымдармен, жоғарғы оқу орындарының студенттерімен  300-ден аса кездесулер өткізіп, конституциялық реформалар мен референдумның маңызын түсіндіруге атсалысқанын атап өтті.   

Заң шығару процесі жылдың соңына дейін жалғасады. 30 шақты заңдарға өзгеріс енгізілетін болады. Біз Парламент мәжілісінің деңгейінде болатын қоғамдық талқылаудың барлығына қатысамыз. Осы мәселе бойынша жұмысшы топ құрғанбыз, талқылауларға өзіміздің ұсыныстарымызды дайындап баратын боламыз, - деді ол.  

Өзгелердің жаңалығы