«Ауыл» партиясының сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

18 Ақпан 2023, 19:01
2531
Бөлісу:
«Ауыл» партиясының сайлауалды штабы өз жұмысын бастады
PHOTO
Фото: автордан

Астанада «Ауыл» халықтық-демократиялық  патриоттық партиясының сайлауалды штабының ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Барлық аудандарда штабтар ашылып отыр. 1500-ден астам штаб мүшелері жұмыс істейтін болады. Одан бөлек, өзіміздің сайлауалды іс-шаралар жоспарын бекітіп, кандидаттардың қатысуымен 5000-нан астам кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – деді партия төрағасы Әли Бектаев құттықтау сөзінде.  

Ол сайлауалды насихат жұмыстарында барлық ауылдық елдімекендерді, қалаларды, аудан орталықтарын қамтуға әрекет жасау керегін айтты.

«Ауыл» партиясының сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

Сайлауға Астана қаласы бойынша «Ауыл» партиясынан тізім арқылы 7 үміткер және бірмандатты округ арқылы 4 үміткер ұсынылып отыр. Жалпы, сайлауға менімен қосқанда 12 үміткер түседі. Осы 12 адам бір-бірімізді қолдап, бірге жұмыс істейміз. Миллиондаған сайлаушының жүрегіне жету үшін жалғыз үміткердің мүмкіншілігі жоқ, – деді Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Төлеутай Рахымбеков.

Өзгелердің жаңалығы