«Ауыл» партиясының өкілдері СҚО-да болды

2 Қаңтар 2021, 16:16
1506
Бөлісу:
«Ауыл» партиясының өкілдері СҚО-да болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттарының депутаттығына бір топ кандидат Айыртау ауданының Имантау ауылында болып, Имантау-Шалқар курорттық аймағының ұжымымен кездесті.

Аталған кешен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасында туризмді дамыту бойынша 10 басым жобаның қатарына кірді. 

Төлеутай Рақымбеков атап өткендей, 2020 жылдың басынан бері коронавирус пандемиясына байланысты туризмнің сыртқы бағыттары іс жүзінде тоқтап қалды және бұл жағдай қазақстандық туристер ағынын ішкі курорттарға қайта бағыттауға, отандық туристік саланы дамытуға бірегей мүмкіндік береді. 

Т.Рақымбековтың пікірінше, Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінде ұлттық мәдениет пен тұрмысты сақтау үшін агротуризм нысандары жұмыс істейді. Олар спорттық демалыс қызметтері мен жергілікті жердің табиғи, мәдени-тарихи және басқа да ресурстарын пайдалануға бағытталған ауылдық инфрақұрылым элементтерін біріктіреді.  

Имантау кентінің тұрғындары үшін қолөнершілік табыс деңгейін арттырудың перспективалы бағыты бола алады, деп есептейді кандидат, этнодизайнер Бахаргүл Төлеген. 

Осы маңызды секторды дамыту шағын кәсіпорындардың кең желісін құруды, шағын кәсіпкерлікті және тиімді бәсекелестік ортаны дамыту үшін қолайлы алғышарттар жасайтын жеке қолөнершілер санының өсуін қамтамасыз етуге қабілетті. Олардың икемділігі мен ұтқырлығы экономикалық және әлеуметтік міндеттердің тұтас кешенін шешуге, сондай-ақ халықтың, оның ішінде ақыл-ой, физикалық мүмкіндіктері әртүрлі адамдардың, әртүрлі білім қоры мен әртүрлі кәсіби мүдделері бар адамдардың барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, олардың шығармашылық әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы