Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ауыл» партиясының мүшелері Рабиға Тосейітова мен Фарид Әбітаев бастаған топ Өскемендегі «Астана-Бизнес» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, Абай кесенесіне барды.
Жиын барысында экспортты игеруге ұмтылатын кез келген отандық кәсіпорын елдің ЖІӨ-нің өсуіне ықпал ететіні, ал бұл өз кезегінде ұлттық валюта мен инфляция деңгейін тұрақтандыруға алып келетіні айтылды.
Азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасын қабылдау ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытуды белсенді ынталандыруды және атаулы топқа атаулы қолдау көрсетуді көздейді.
Ф.Әбітаев өз сөзінде статистикадан кейбір сандарды келтірді. Мәселен, 2011 жылмен салыстырғанда 2019 жылы Қазақстан Республикасындағы экспорттың жалпы көрсеткіші 84 млрд-тан 58 млрд АҚШ долларына дейін төмендеген. Осындай төмендеу аясында АӨК өнімдерінің экспорты 1,8 млрд-тан 3,2 млрдАҚШ долларына дейін тұрақты өсуін көрсетіп отыр. Мұндай салыстыру ауыл шаруашылығы өнімі әлемдік нарықта әрдайым сұранысқа ие болатынын және өзінің АӨК экспорттық әлеуетін дамыту жағдайында Қазақстан айқын жол аша алатынын айқын көрсетеді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты көлемінің өсуіне қарамастан, АӨК саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысының деңгейі өте төмен болып қалуда – 301,4 АҚШ доллары. 2010-2019 жылдары бұл көрсеткіш ҚР бойынша орташа айлық жалақымен салыстырғанда 38,2-53,0%-ға төмен.
Партия бұл жағдайды экспорт көлемінің жеткіліксіздігімен байланыстырады. Аграрлық саладағы әлемнің жетекші елдерінде АӨК өнімдерінің үлесінің жалпы көлемі 20-дан 40%-ға дейін экспортталады, ал бізде бұл көрсеткіш 6%-дан аз. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен тұрақты экспортпен айналысатындар арасындағы еңбекақы деңгейі соңғыларының 17%-ға жоғары төлейтінін көрсетеді.