Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі Рабиға Тоқсеитова Үштөбе ауылында орналасқан «Жәке» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті.
Бұл туралы «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Рабиға Тоқсеитова «Жәке» қызметкерлерімен шаруа қожалығындағы бірқатар мәселені талқылап, азық-түлік қауіпсіздігі жайлы сөз қозғады.
Өз кезегінде «Жәке» ШҚ қызметкерлері бордақылау кешені экологиялық таза ет өндіруге мүдделі екенін және өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауды әрдайым қолдайтынын атап өтті.
Сонымен қатар Рабиға Тоқсеитова Анар Тұрмахамбетовамен бірге өңірдің көпбалалы аналарымен кездесті. «Ауыл» партиясының өкілдері көпбалалы аналардың барлық тілегін тыңдады.
Оқи отырыңыз: