«Ауыл» партиясы мәселе шешілмейінше бел шешпейді

11 Қаңтар 2023, 18:31
1201
Бөлісу:
«Ауыл» партиясы мәселе шешілмейінше бел шешпейді

«Ауыл» партиясының Жетісу облыстық филиалы партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаевтың, облыс мемлекеттік органдары, кредиттік ұйымдары және фермерлерінің қатысуымен «Ауыл тұрғындарына шағын несие беру мәселелері мен болашағы» тақырыбында жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында Агрокредиттік корпорация мен Қазагроқаржы өкілдері 2022 жылы атқарылған жұмыс, келесі жылға арналған жоспарлар туралы мәлімет берді. Ауыл тұрғындарын субсидиялаудың жаңа түрлері, оның ішінде  ауыл жастарына 2%-бен несие беру мәселесін түсіндірді. 

«Ауыл» партиясы мәселе шешілмейінше бел шешпейді

Ол бойынша қажетті құжаттардың тәртібі мен тізбесі биылғы қаңтардың соңына дейін бекітіледі. Несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға беріледі. 

«Ауыл» партиясы мәселе шешілмейінше бел шешпейді

Берілетін несие сомасы 5 миллион теңге. Талап – тұрақты жұмысы болмаса да, кепілзаты болуы керек. Әзірге белгілісі осы.  Кездесу барысында фермерлер Жетісу облысында аграрлық саланы жетілдіру бойынша сұрақ қойып, ұсыныстар берді. Жиында қант қызылшасы мәселесі жиі көтерілді. 

«Ауыл» партиясы мәселе шешілмейінше бел шешпейді

Фермерлердің айтуынша зауыт басшылығы пайданың көп бөлігін өздеріне алады, ал фермерлермен кездескісі келмейді. «Ауыл» партиясының өкілдері облыс фермерлері көтерген мәселені қаперге алды. Енді олар жергілікті атқарушы орган өкілдері аталған мәселені ескеріп, нақты шешім қабылдауы үшін жұмыс істейтін болады

Өзгелердің жаңалығы