Ауыл мектебінің оқушылары 3D-принтермен көз алмасын жасап шығарды

15 Наурыз 2023, 17:46
1859
Бөлісу:
Ауыл мектебінің оқушылары 3D-принтермен көз алмасын жасап шығарды
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл мектебінің оқушылары 3D принтер арқылы көз алмасын жасап шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Облыстағы Күршім ауданы Марқакөл тірек мектебінің 10-11 сыныбында оқитын Дәрия Мұстафина мен Әмір Сайранов туа біткен көз ауруларымен ауыратын адамдарға 3D принтер арқылы көз протезін әзірлеген.   

Ауыл мектебінің оқушылары 3D-принтермен көз алмасын жасап шығарды

Олар елордаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты XII Наурыз кездесулері аясында өтіп жатқан ғылыми жоба байқауында бақ сынауға келді. 

Ауыл мектебінің оқушылары 3D-принтермен көз алмасын жасап шығарды

Көз алмасы жоқ, яғни анофтальммен ауыратын адамдарға толығымен көзді ауыстырып беру және өзіміздің табиғи көзіміздің бүкіл функцияларын атқарады. Бұл – Қазақстандағы ең бірінші прототип. Мұны қандай артықшылығы бар деген мәселеге келер болсақ, АҚШ-та бұл операция жасалады. Алайда оның бағасы 1 млн долларға тең. Ал елімізде көздің алмасын жасауға 2 сағат кетеді және оның бағасы 250 мың теңгеге шығады. Бұл операция толығымен емделуге 1-2 ай уақыт жеткілікті. Бірақ бір кемшін тұсы – әрбір бір жарым жыл сайын ауыстыру керек. Себебі бұл пластик болғандықтан көзге батуы мүмкін. Жобаны жасауға 3D-принтермен шығаруға 1 сағат уақыт кетті. Ал толықтай схеманы жасауға бір ай қажет болды. Өзінің коды және схемасын жасадық. Болашақта биохимик болғым келеді, - деді Дәрия Мұстафина. 

Ауыл мектебінің оқушылары 3D-принтермен көз алмасын жасап шығарды

Сонымен қатар бірінші прототиптен екінші прототипті шығаруды мақсат тұтып отырғандарын айтты. 

Жобаға тақырып таңдар алдында өзіміздің замандастарымыздың арасында сауалнама жүргіздік. Олардың басым көпшілігі көз ауруларына шағымданды. Сондықтан балалардың ойларын ескере келе, Контье атты үнді ғылымын негізге алдық. Жарты жыл бұрын ғана мектебімізге 3D-принтер келді. Өзім информатика-математика бағытын таңдап техникалық университетке түскім келеді, - дейді Әмір Сайранов.  

Ауыл мектебінің оқушылары 3D-принтермен көз алмасын жасап шығарды

Ал дарынды оқушылардың ұстазы ауыл мектептеріне де көңіл бөлінсе, кез келген баланың ғылым-білімге ынтасын оятуға болады деп отыр. 

Көздің балалар ойлап тапқан прототипі – көзге орнатылған соң адамның шын көзі секілді қозғалтуға болады. Материалына келер болсақ, 3D-принтер резеңке, пластмасса құйыла береді. Ауыл мектептеріне ғылыммен айналысуға мүмкіндік жасалғанына қуаныштымыз. Қазіргі заманда тек қана мұғалім үйрету емес, оқушымен бірігіп іздену үрдіске айналып келеді. Оқушылардан үйренеміз көп. Мектебімізден осындай республикалық байқауға алғаш қатысып отырғандықтан балалардың қуанышында шек жоқ. Мектепте әр балаға жағдай жасалса, кез келген оқушымен жұмыс істеп, оның ғылым-білімге қызығушылығын оятуға болады, - дейді ғылыми жетекші Айгүл Мұратханқызы. 

Ауыл мектебінің оқушылары 3D-принтермен көз алмасын жасап шығарды
Өзгелердің жаңалығы