Ауыл маңына сойылған мал қалдықтарын тастаған тұрғын жауапқа тартылды

Бүгiн, 18:43
163
Бөлісу:
Ауыл маңына сойылған мал қалдықтарын тастаған тұрғын жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Ауыл маңына бір тонна сойылған мал қалдықтарын тастаған шымкенттік жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Құқық бұзушылық туралы учаскелік инспекторлар тұрғындардан WhatsApp-тағы ортақ чат арқылы білген. Іздестіру шараларының нәтижесінде құқық бұзушы жедел анықталды. Ол өзінің іс-әрекетін жүк көлігінің бұзылуымен ақтағысы келді, алайда бұнысымен заңды жауапкершіліктен қаша алмады. 

Тәртіп сақшылары оған қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Сойылған жануарлардың қалдықтарын ер адам өзі жинады. Айта өтсек, мегаполисте учаскелік инспекторлар азаматтармен тығыз сенімді кері байланыс орнату және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мессенджердегі чаттарда өз аумақтарының тұрғындарымен тығыз байланыста.
 

Өзгелердің жаңалығы