«Auyl make»: Елордада ауыл жастарын қала өміріне бейімдейтін жоба таныстырылды

19 Қыркүйек 2022, 15:56
1277
Бөлісу:
«Auyl make»: Елордада ауыл жастарын қала өміріне бейімдейтін жоба таныстырылды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев «Auyl make» атты жобамен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Жұмыс іздеп келіп жатқан жастар көп. Біз ауылдан келген жастарды қалаға бейімдегіміз келеді. Біріншіден, біз түрлі  салаларға қатысты семиналар өткіземіз. Ол іскерлік кәсіптік бағыттарда өтеді.  Екіншіден, өндірісте қызмет етіп жүрген атақты азаматтармен  кесдестірулер ұйымдастырамыз. Үшіншіден, қаламыздағы түрлі бизнес өкілдерімен тіл табыстырамыз.  Бұл жоба бойынша экперттер өз жұмысын бастап кетті.  Сонымен бірге психологтар да жұмыс істейтін болады, - деп атап өтті Әли Бектаев. 

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «100 мың жасты жұмыспен қамту»  бастамасын жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылады.

«Auyl make» жаңа жобасы қалаға ауылдық жерлерден келген 18-29 жас аралығындағы жастарды қамтиды. Оның басты мақсаты - жастарды әлеуметтендіру және елдің қоғамдық-саяси өміріне тарту, белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымды қалыптастыру. 

Жоба ауылдық округтерден келген жастарды қоғам өміріне жылдам  әрі белсенді араласуға, start up жобаларды дамытуға және т.б. әлеуметтік дағдыларға үйретеді.

Өзгелердің жаңалығы