Ауыл игілігіне арналған игі істер

22 Тамыз 2023, 11:30
1064
Бөлісу:
Ауыл игілігіне арналған игі істер
VIDEO
Фото: «Халық» қорынынан

Маңғыстау өңірінде жүзеге асқан әлеуметтік жобалар көпшілікке қуаныш сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түпқараған ауданының Саин Шапағатов ауылында тұратын Бекзат есімді балақай қуанышында шек жоқ. Бекзат бейнеде орталық құдық арқылы ауыз суға қол жеткізген ауылынан барша жұртқа дұғай-дұғай сәлем жолдады.

Жаңаөзенде салынып жатқан қазіргі заманғы дене шынықтыру-сауықтыру орталығы мен балаларға арналған 20 аула алаңы балақайларға қандай қуаныш сыйламақ. Оның үстіне жаңадан салынатын спорт кешенде жаңа жұмыс орындары ашылып қана қоймай, ол қаланың өсуі мен өркенденуіне ықпал етпекші.

Ауыл игілігіне арналған игі істер

Игі іске себепші «Халық» қорының қамқоршылары Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаеваға Маңғыстауда әлеуметтік-қайырымдылық жобаларын дамытуға 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлген.

Іске асырылатын ілкімді істер ішінде Бейнеу ауданындағы астық терминалын қалпына келтіру және жаңғырту жобасы бар. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін «Халық» қоры Маңғыстау облысының әкімдігіне 1,8 млрд теңгемен қайырымдылық көмек көрсететіндігі туралы меморандум да бекітілді.

Ауыл игілігіне арналған игі істер

2021 жылы банкрот деп танылған аталған астық терминалы бірнеше жыл жұмыс істемей, тоқтап қалған болатын. Енді «Халық» қорынан алынған қаражатқа Маңғыстау облысының әкімдігі «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып, терминалды қалпына келтіріп, одан әрі тұрақты жұмыс істеуіне қатысты қызметті үйлестіретін болады.

Негізі, бұл терминалдың өнеркәсіптік өнімділігі жылына 90 мың тонна астық пен 30 мың тонна жем. Ал ол іске қосылса, өңірді ұнмен және жеммен қамтамасыз етуге, сонымен қатар бұл өнімдерді Орталық Азия елдеріне экспортқа шығаруға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндағы өндірістің қайта жандануы арқасында халықты жұмыспен қамту мәселесі де шешімін таппақ. Қазірдің өзінде 200-ден астам адамды жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы