«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауға үміткер ұсына ма?

19 Қыркүйек 2022, 16:13
2136
Бөлісу:
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауға үміткер ұсына ма?

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Президенттік сайлауға қатыса ма? Партия төрағасы Әли Бектаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ол мәселе тек қана съезде шешіледі. Ол туралы жауап беру ерте деп ойлаймын. Жалпы, сайлау көп қаржыны талап етеді. Қазіргі таңда біз өзіміздің материалдық  жағдайымыздың бәрін есептеп алуымыз керек. Арнайы жобаларымыз аяқталғаннан кейін саяси кеңеске шақырылатыны қаралады. Біз жоспарлы түрде қазан айының соңына қарай өткізуді ойлап отырмыз. Сайлауға қатысатындай жағдайымыз болып жатса, саяси кеңес шақыратын болса, сонда уақытын белгілерміз, - деді Әли Бектаев.

Ол партияның Парламент сайлауына қатысатынын меңзеді. 

Себебі, біздің мақсатымыз, мүддеміз Парламенттік партия болу. Біз Парламенттік партия болып қана, ауыл шаруашылығының аграрлық секторының дамуына өз әсерімізді тигізе аламыз. Қазіргі таңда Парламентте партиядан тек мен депутатпын. Алайда, менің өзім партиядан емес, өңірден сайланған депутатпын, - деді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы. 

Өзгелердің жаңалығы