«Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруда 2019-2021 жылдарға 90 млрд теңге бөлу көзделген

29 Сәуір 2019, 10:38
3064
Бөлісу:
«Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруда 2019-2021 жылдарға 90 млрд теңге бөлу көзделген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру мақсатында мемлекеттік бюджеттен 2019-2021 жылдарға 90 млрд теңге бөлу көзделген, оның ішінде осы жылға 30 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында айтты. 

Жиын барысында ол «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру басталғанын және осы жоба аясында қандай шаруалар атқарылып жатқанын айтып өтті. 

«Жобаның негізгі мақсаттары –  ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізу болып табылады. Жоба шеңберінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктері мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттердің шешімі табылатын болады. Жобаны тиімді іске асыру үшін міндетті түрде мемлекеттік органдармен келесі қадамдық алгоритм әзірленді және жүзеге асырылатын болады. Даму және әлеуметтік әлеуетін талдау негізінде алдағы жылы іске асырылатын жобалардың тірек ауылдық мекендерге іріктеу жүргізіледі. Екіншіден, әрбір жоба және елдімекендер бойынша көзделген мақсаттарға жету жөнінде «Жол картасы» әзірленіп жатыр. Үшіншіден, жобаларды іске асыру және бақылауға мүдделі мемлекеттік органдар және Nur Otan партиясын тарта отырып, жүзеге асырылатын болады», - деді ол.

Сонымен қатар ол, қазіргі уақытта халықаралық сарапшылармен бірігіп, алдағы жылдары ауылдық елдімекендерді  басымды етудің қажетті әдістемесі әзірленіп жатқанын жеткізді.

«Яғни, одан әрі қажеттілігі мен қаржыландыру көздерін анықтау, ауылды жерде өңірлік инфрақұрылымның  деңгейіне қол жеткізу. Жобаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 2019-2021 жылдарға 90 млрд теңге бөлу көзделген, оның ішінде осы жылға 30 млрд теңге қарастырылған. Өңірлер бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржы даму әлеуеті жоғары ауылдық елдімекендерде тұратын  ауылдық тұрғындар саны негізінде жүзеге асырылды», - деді Ж. Қасымбек.

Сөз арасында ол, өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп осы жылы 52 ауылдық елдімекендер іріктеліп алынғанын және онда 454 іс-шара іске асырылатынын айтты.

«Оның ішінде 247 шара көлік инфрақұрылымын дамытуға, 135 шара әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және 72 іс-шара тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға бағытталған. Осы жылы басты назар ірі елдімекендерге, яғни халық саны көп аудан орталықтарына аударылды. Қаржыландыру көлемі бір аудан орталығына шамамен 670 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта жобаларды іске асыруға жергілікті бюджеттен қосымша 4,7 млрд теңге бағытталды. Қосымша қаржыландырудың айтарлықтай үлесі Атырау облысында 84%, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы облыстарында да көзделген», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы