Ауыл әйелдерінің әлеуеті сөз болды

10 Қараша 2022, 12:20
805
Бөлісу:
Ауыл әйелдерінің әлеуеті сөз болды

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында ауыл әйелдерінің әлеуеті туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Бүгінде қаладағы әйелдерге қарағанда ауыл әйелдеріне көп көңіл бөлінбейді дейді ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина.

Әйелдердің көбі – ауылда тұрады. Қаладағы әйелдерге қарағанда ауыл әйелдерінің ақпаратқа қол жеткізуі қиын. Сондай-ақ ауылдар әйелдерінің әлеуеті толық ашылмай отыр. Бірыңғай ұлттық ұжымның мәліметіне сүйенсек, дамыған елдерге жұмыс істейтін әйелдердің пайызы - 43%-ды құраса, бізде 47%-ды құрап отыр. Және ауылдағы әйелдер жұмысы өте қиын. Жаңа технологияларға, жасыл технологияларға қол жеткізуі қиын,-дейді ол.

Сол себепті, басты басымдықты ауылдың әйелдеріне бөліп отқанымыз осы дейді ол. Сондай-ақ, «Белестер» жобасы да әйелдердің дамуында көп мүмкіндік беріп жатқанын айтты.

Әуелі әйелдердің бизнес жоспарлар құрып, өз кәсіптерін бастауға үйретуде. Және жақсы бизнес идеяларды анықтап, көпшілікке паш етуге машықтап отыр. Бүгінде бұл жобамен 60 мыңнан астам әйелдер бизнеске үйренпі, 100-ден астам әйелдер өз кәсіптерін ашып, өзге әйелдерді жұмыспен қамтып отыр,-дейді төраға.

Сондай-ақ, осы жобадан соң әйелдердің тәжірибесімен бөлісетін ерекше алаңның қажет екенін ұқтық. 2018 жылдан бері осындай форумдарды жүргізуді қолға алғанын айтады. 

Содан бері форум нәтижесінде нағыз табысты, бәсекеге қабілетті  қыз-келіншектердің командасы құрылды. Және олардың жетістікке жету тарихы жинақталып, 4 кітап шығарылды. 

Өзгелердің жаңалығы