«Ауыл аманаты» жобасы: 4 мыңға жуық жамбылдық кәсіп бастаған

25 Мамыр 2023, 13:57
767
Бөлісу:
«Ауыл аманаты» жобасы: 4 мыңға жуық жамбылдық кәсіп бастаған
Фото: ОКҚ

2019 жылы Жамбылда пилоттық негізде басталған «Ауыл аманаты» жобасы экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жоба басталғалы облыстағы 24 ауылға 18,3 млрд. теңге бөлінсе, биыл қосымша тағы 24 млрд теңге қаралды. Осылайша, 26 ауылдағы 5 мыңға жуық тұрғынды несиелендіруді көздеп отырмыз. Яғни тұрғындар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс орындары ашылады. Осы жобамен қамтылған ауыл тұрғындарының орташа табысы 44 мың теңгеден 135 мыңға артатын болады. Біз алдағы 2024-2025 жылдары республикалық бюджет есебінен 45,5 млрд. теңгеге қалған 103 ауылдық округтегі 490 мың тұрғынды қамтуды жоспарлап отырмыз, - деді Нұржан Нұржігітов.

Айтуынша, осы жоба іске асқан елді мекендердердегі әлеуметтік мәселелерді кешенді түрде шешу қолға алынуда.

24 ауылдық округтің инфрақұрылымына 9,5 млрд теңгеге 183 жоба іске асырылуда. Ал, 2025 жылға қарай жобамен қамтылған елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен, қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін 92,2 пайызға жеткізуді көзделуде. Жалпы, 2019-2022 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен қамтылған 24 ауылдық округтегі 58 ауылда осы жылдары 34,2 млрд теңгеге 240 жоба іске асырылған, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы