«Ауыл аманаты»: Ақтөбеде 500-ге жуық жұмыссыз тұрғын өз істерін бастады

17 Мамыр 2023, 13:03
769
Бөлісу:
«Ауыл аманаты»: Ақтөбеде 500-ге жуық жұмыссыз тұрғын өз істерін бастады
Фото: ОКҚ

Ақтөбе облысы «Ауыл аманаты» жобасының арқасында елдің басқа өңірлерінен ерекшеленеді. Бұл туралы өңір әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта 2,5 пайыз жеңілдікпен несиелеу бағыты бойынша жалпы сомасы 3 млрд теңгеге 776 отбасының жобалары мақұлданып, 3 мыңнан астам адам қамтылды. Сонымен бірге Ақтөбе облысында алғаш рет республика бойынша қаржылық несиемен қатар 6 мың бас малды тауарлық несие ретінде берудеміз. Тауарлық несиенің ерекшелігі – бюджеттен бірде-бір тиын жұмсалмайды және қайтарым түрінің ақшалай емес, алынған төл есебінен өтеледі. Бүгінгі таңда 249 отбасына 3220 бас мал берілді, - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, жоба аясында 450-ден астам жұмыссыз ауыл тұрғындары өз істерін бастады. Қазіргі уақытта «Ауыл аманатын» іске асыруға 6,5 млрд теңге бөлінді. Үкімет тарапынан қосымша 12,5 млрд теңге бөлу мәселесінде қолдау бар.

Қаражат толық көлемде игеріледі, - деп сенім білдірді облыс әкімі.

Нәтижесінде, жыл соңында жобаға қатысушы ауылдардағы жұмыссыздар саны 41,4 пайызға, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 39 пайызға қысқарады. Отбасының орташа табысы 182 мың теңгеден 354 мың теңгеге дейін, яғни 2 есеге ұлғаяды. Жыл қорытындысы бойынша құс етімен қамтамасыз ету деңгейі 3 есеге, көкөністермен 23 пайызға және картоппен 20,1 пайызға артады.

Біз сондай-ақ мынадай мультипликативтік әсерлерге қол жеткіземіз: ауылдарда және жаңа бизнес субъектілерінде мүлікті тіркеу жолымен төртінші деңгейдегі бюджеттің салық базасын ұлғайтамыз, айналымға 100 гектар үй маңындағы жерлерді енгіземіз, жастарды жұмыспен қамту есебінен ауылдағы қылмыс деңгейін төмендетіп, 133 толық циклді қайта өңдеу өндірісін құрамыз, нәтижесінде ауылдарда 300 жаңа жұмыс орны құрылады, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы