«Ауыл Аманаты». Абай облысында 200-ден астам өтініш қабылданды

10 Қараша 2023, 19:50
819
Бөлісу:
«Ауыл Аманаты». Абай облысында 200-ден астам өтініш қабылданды
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Ауыл Аманаты» жобасы аясында 200-ден астам өтініш қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында жалпы сомасы 2 059 581 000 теңгені құрайтын 341 өтініш қаралды. 

Оның ішінде 232 өтінімді Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің (АӨК) несие комитеті мақұлдаған. 

Соның нәтижесінде 92 шағын несие берілді. Бүгінде қалған 109 өтініш қаралу үстінде. 

Бекітілген несиелердің басым бөлігі мал шаруашылығы саласында, яғни 228 жоба қолдау тапты. Оның ішінде ірі қара (125 жоба), ұсақ мал (10 жоба) және жылқы (93 жоба) шаруашылығына арналған жоба. Мал шаруашылығымен қатар басқа да салаларда келесі жобалар мақұлданды: Үржар ауданында омарта шаруашылығына 2 жоба. Үржар және Жарма өңірінде наубайхана ашуға 2 жоба, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы