Көкшетауда аутизмнен емдейтін онлайн орталық ашылды

27 Шілде 2020, 16:25
1676
Бөлісу:
Көкшетауда аутизмнен емдейтін онлайн орталық ашылды

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда онлайн режимде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған даму орталығы ашылды.

Орталықта 2-ден 16 жасқа дейінгі балалар дамытылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті бұл сабақтарды тегін өткізеді.
Жаңа орталықтың мақсаты – аутизм және психо-сөйлеу дамуы кешіктірілген балаларды қолдау, оларды одан әрі оқуға және қоғамда әлеуметтендіруге дайындау.

Балалар –  біздің болашағымыз, біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Балалардың мінез-құлықтары әр түрлі болғандықтан, әрқайсысымен жеке қарым-қатынас жасалады. Біз шашымыздың түсі және көзіміз, жүрісімізбен өзгеше көрінеміз. Тіпті күлімсірей аламыз. Біздің балалар да мінез-құлқымен, өзін әлемге көрсету мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Кейде кедергілер де кездеседі. Орталықта біз сөйлеу кемшілігі бар балаларға көмек көрсетеміз, мамандар мінез-құлық бұзылуларының ерекшеліктерін түзетеді, өмірлік маңызды дағдылар – достасып, теңдесіп, кедергісіз өмір сүре білуді үйретеді, - дейді Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша облыстық үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Ыбыраев

Жоба жетекшісі, дәрігер-реабилитолог, "Қолжетімді Қазақстан" жобасының өңірлік үйлестірушісі, "Мен өзім жүремін!" қоғамдық қорының директоры Гауһар Камелинованың айтуынша, жоба ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдердің қоғамда табысты әлеуметтенуіне жағдай жасауға бағытталған.

Орталық балаларға  білім әлеміне жол ашады. Біздің командамыздағы педагог, тәрбиеші, дефектолог-логопед, дәрігер-реабилитолог, психолог, әлеуметтік қызметкер сияты мамандар балаларға қазіргі қоғам талап ететін әлеуметтік дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Осы уақытқа дейін сабақ үшін төлеуге мәжбүр болған ата-аналар үшін де бұл жағымды жаңалық. Біздің арамызда ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар бар, ата-анасыз немерелерін қалдырмаған, бірде-бір ақылы сабақты өткізіп алмаған ата-әжелер де бар. Бұл жоба біз үшін, әсіресе карантин кезеңінде көптеген отбасылар табыссыз қалған тұста өте маңызды. Орталық біздің балаларымыздың құзыретін дамыту үшін тиімді құрал болады деп үміттенеміз, - дейді Гауһар Камелинова.

Виртуалды орталық жұмысында ең заманауи әдістемелер пайдаланылатын болады. "Сова НЯНЯ" сенсорлық-динамикалық кешенінде сенсорлық интеграция, мінез -құлықты қолданбалы талдау – АВА-терапия, PECS карточкаларының көмегімен баламалы коммуникация жүйесін пайдалану, музыкотерапия, ойын психотерапиясы, эрготерапия (еңбек терапиясы) және тағы басқа да әдіс-тәсілдер қолданылады.

Осындай орталықтың ашылғанына қуаныштымыз. Үйде отырған мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығының ақылы оқуға баруға мүмкіндіктері жоқ. Мұнда бәрі тегін. Онлайн ұсынылған тапсырмаларды орындай бастадық. Ең бастысы, ұлым Тимофейге бәрі ұнайды, - дейді Елена Тулинова есімді ата-ана.

Қазіргі уақытта орталықта сабақтар онлайн режимде өтуде. Карантиндік шектеулер алынған соң орталық жұмысын штаттық режимге ауыстыру жоспарлануда. 

Қазір біз отбасылармен танысу барысында балалардың мүмкіндіктерін зерттейміз, келісімшарт жасап, құжаттар жинаймыз. Яғни ұйымдастыру жұмыстарын жүргізудеміз. Әлеуметтік педагог ата-аналармен, педагог-тәрбиеші балалармен жақын танысады. Психолог та хабарласып отырады. Ал логопед-дефектолог сабақты тек көзбе-көз оффлайн түрде ғана өткізе алады. Сондықтан да карантин шараларына байланысты ата-аналар мен балаларға әзірге күте тұруға тура келеді, - дейді жоба жетекшісі Гауһар Камелинова.

Өзгелердің жаңалығы