Аутист балаларды әуелі өмірге бейімдеу керек – маман

18 Мамыр 2021, 15:55
3807
Бөлісу:
Аутист балаларды әуелі өмірге бейімдеу керек – маман
PHOTO
Фото: автордан

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы №10 психологиялық-педагогикалық түзету орталығының қызметкерлері аутизмге шалдыққан балалармен үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді.

Орталық 2014 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсетуде.

Көп жағдайда көп ауыртпалық нәзік жандылардың иығына түсетіні жасырын емес. Олардың көбі жұмысқа шыға алмайды. Өйткені аутист балаларды жалғыз қалдыруға болмайды, оларға күтім жасау күнделікті және тынымсыз еңбек етуді қажет етеді. Біздің негізгі қызметіміз - мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу. Бізге түрлі диагноздармен келеді, жылына жүзден аса балаға қызмет көрсетеміз. Мұнда ата-аналар әрдайым бір-бірін қолдайды, - дейді орталық меңгерушісі Светлана Лобурь.

Ол мамандығы бойынша дефектолог. Осы салада жылға жуық уақыт еңбек етіп келеді.

Аутист балаларды әуелі өмірге бейімдеу керек – маман

Бүгінде орталыққа 49 бала барады, олардың әрқайсысының жеке кестесі бар. Мұнда оларды тасымалдайтын көлік те қарастырылған. Балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мамандарының жолдамасы бойынша қабылданады.

Штатта логопед, психолог, дефектолог және әлеуметтік педагог бар. Біз балаларды қоғамға бейімдеуге, танымдық іс-әрекетке үйретуге тырысамыз. Олардың басым бөлігі – психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті бұзылған, көру қабілеті нашар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар. «Дара» қоғамдық қоры арнайы жабдық сатып алуға көмектесті. Біз Gross тренажерлерінде жұмыс істейміз, бұл өте тиімді әдіс. Шын мәнінде мұндай қызмет қалада үлкен сұранысқа ие, кезек күтушілер де көп. Балаларды бейімдеу үшін түзету кабинеттері өте қажет, – деп атап өтті орталық меңгерушісі.

Орталықта балалар бейімделуден өтеді және балабақшаға немесе санаториялық топқа бара алады немесе денсаулық жағдайы бойынша арнайы мекемелерге жіберіледі. Түзету кабинетінің қызметкерлері отбасылық сағаттар өткізеді, ересектерді ерекше қажеттіліктері бар баламен жұмыс істеуге үйретеді, бос уақытта ертеңгіліктер, көрме ұйымдастырады.

Аутист балаларды әуелі өмірге бейімдеу керек – маман

Вероника Иващенко есімді әйел ұлын орталыққа қуана апарады және мамандардың жұмысына риза екенін айтады.

Орталық мамандары әр баламен жеке жұмыс істеп, жақсы қолдау көрсетеді. Мұнда сәби дамиды, басқа балалармен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ұлым төрт жаста. Мен физикалық жаттығуларды қалай дұрыс орындау керектігін көріп жүрмін. Оқытушылар өз ісінің нағыз шеберлері, профессионалдары. Олар сауатты кеңес береді, бізді моральдық тұрғыдан қолдайды, түрлі әдіс-тәсілдермен дамуға үйретеді. Бұрын мен үйде ұлыма барлық ойыншықтарын алдына қоятынмын, ал мамандар күн сайын бір ойыншықты ұсынуға кеңес берді, сонда бала жаңа сезімдерге ие болады, жаңа заттармен танысады, - дейді ол.

Қызметкерлердің арасында орталық құрылған күннен бастап жұмыс істейтіндер бар. Дефектолог Роза Әмрина бұған дейін есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта 20 жылдан астам жұмыс істеген.

Аутист балалармен байланыс орнату қиын. Біз оларға саусақ гимнастикасын жасатып, түрлі ойын әдістері арқылы дамытамыз. Ата-аналар да сабаққа қатысады. Үйде де балаларымен айналысуын сұраймыз. Жұмыс тәжірибеме қарамастан балалардың ауырып қалуына психологиялық және моральдық тұрғыдан үйрену қиын. Бірақ біз олар балабақша, мектепке барып, толыққанды өмір сүруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Балаларды әлеуметтендіру және қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін топтық сабақтар өткіземіз, - дейді дефектолог.

Психолог Ғалия Нүсіпова орталықта 7 жыл еңбек етіп келеді. Маман ата-аналарға белсенді болуға кеңес береді. Яғни олар денсаулығының жай-күйін ескере отырып, баланы қайда жазуға, қандай үйірмелерге беруге болатындығын білуі тиіс.

Оңалту кешенді және психологиялық тұрғыда ең алдымен ата-ананың дұрыс бейімделуіне, содан кейін баламен жұмыс жасауына көмектесуі керек. Ең бастысы, балаға сену, жағдайды сол қалпында қабылдау, даму үшін жағдай жасау. Бұл үлкен және күрделі мәселе. Инклюзивті білім беру және қолжетімді орта құру мәселесі әлі де назар аударуды қажет етеді. Аутист балаларды әуелі өмірге бейімдеу керек. Кейде қоғамдық көлікте аутист баланы көрген адамдар оны дөрекі санауы мүмкін. Ал мұндай баланың мінез-құлқы өзгешелеу, шудан қорқуы мүмкін. Олар өздерінің ерекше әлемінде өмір сүреді, айналасындағылармен байланысқа түспейді, көзге тура қарамайды, басқа балалармен қалай қарым-қатынас жасауды білмейді, ойнамайды, ештеңеге қызығушылық танытпайды, бірнеше сағат бойы қозғалыссыз жата алады. Алайда ешкім айналыспаса да оқу немесе ағылшын тілін білетін аутистер бар. Бұл мидың ерекшелігі, - дейді Ғалия Нүсіпова.

Оның айтуынша, ерте скрининг баланың даму проблемаларын анықтауға көмектеседі.

Балаға дене байланысы қажет, оны үнемі құшақтап, қолға алып, тамақтандырғанда сөйлесіп, оның көзіне қарау керек. Егер нәресте немқұрайлы болса, айқайламайды, жыламайды, бірдеңе талап етпейді. Бұл дабыл сигналы. Ата-аналар баланың ауруы туралы алғаш білген кезде әрине, бірден стреске түседі. Біздің елімізде әрбір оныншы бала патологиямен туылады, бұл өмір. Сіз оны қабылдай білуіңіз керек, онымен өмір сүруді үйренуіңіз, баланы жақсы көріп, оның ерекше екенін түсінуіңіз керек. Ерекше балалардың әкелері мен аналары – нағыз батырлар. Өйткені олар үмітін үзбейді және балаларына сенеді, – дейді психолог.

Өзгелердің жаңалығы