-
-
Париж Олимпиадасы: 9 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?
ҚР ҰОК Қазақстан спортшыларының 9 тамыздағы жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Аляскада мұздық еріп, төтенше жағдай жарияланды
Аляскада Менденхолл мұздығы еріп, бөгет істен шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Шымкентте жол жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған аудан әкімдігі мен басқарма есепшісі сотталды
Шымкентте жол жөндеуге бөлінген қаржыны қалтаға басқан есепшілер сотталды. Анығырақ айтсақ, аудан әкімдігі мен басқарма бухгалтерлері бюджеттің 99 миллион теңгесін жымқырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Көлік министрлігі 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқышқа айыппұл салды
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік министрінің тапсырмасына сәйкес Ан-2 ұшақтарын тексеруге қатысты жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын жоспардан тыс тексеруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Сара Назарбаева ашқан "Бөбек" орталығы қайта құрылады
Оқу-ағарту министрлігі "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығын "Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы құжат жобасы жария талқыға ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Елімізде қой фермасын құруға жеңіл шартпен кредит алуға болады
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда қой шаруашылығын дамытуды қолдау мақсатында қой фермасын құрушыларға бюджеттік кредит беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Астанада бос алаңда жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Елорданың Байқоңыр ауданында қала тұрғындарының демалуы үшін бос алаңға жаңа қоғамдық кеңістік жайластырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Қостанай облысында жеке тұрған ағаш құрылысы өртенді
Қостанай қаласында пилорама орталығының аумағында жеке тұрған ағаш құрылысының өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.08.2024
-
Астана әуежайында бұршақ Air Astana ұшағын зақымдады
8 тамызда бұршақ жауып, қатты жел Астана әуежайында Air Astana ұшағын зақымдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
-
Барлық дерлік өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 тамызда еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астанада найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршак, дауыл. Найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с.
Атырау облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысыныңда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.
Алматыда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының басым бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады.
Шымкентте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. 09 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары төтенше өрт қауіпі сақталады.
08.08.2024
-
Астанада жаңбыр аралас жауған бұршақтан екі адам зардап шекті
Астанада жаңбыр аралас жауған бұршақтан кейін егде жастағы әйел мен бала медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
-
Орталық Азия елдері мен Әзербайжан президенттері "Достық кеші" гала-концертін тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан президенттерімен бірге мәртебелі меймандардың құрметіне ұйымдастырылған «Достық кеші» гала-концертін тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
-
Қазіргі бессайыс: Елена Потапенко іріктеуді 27-орында бастады
Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан әйелдер арасында семсерлесуден іріктеу өтті. Отандасымыз Елена Потапенко 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
-
Головкин Олимпиада ойындары аясында бірқатар маңызды кездесу өткізді
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж-2024 Олимпиада аясында маңызды кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
-
XXXIII Жазғы Олимпия ойындары: Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар
XXXIII Жазғы Олимпия ойындарын Qazaqstan, Qazsport, Хабар, Ел арна және JibekJoly телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
-
Төтенше жағдайлар министрлігі соңғы тәулікте елде қанша көлік өртенгенін айтты
Өткен тәулікте ел аумағында 7 автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
-
Су тасқыны. Қанша отбасыға үй мен пәтер берілді?
Үкімет су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй салу және сатып алу, сондай-ақ оларға жан-жақты көмек көрсету бойынша өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
-
Жапония Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
-
Израильдің көлік-логистикалық компанияларының өкілдерімен кездесу өтті
Көлік министрлігінде көлік, логистика және инфрақұрылым саласындағы жетекші израильдік компаниялардың (Value LBH, Dan Capital, Dan Group, DHV MED, Lesico Ltd., Sorek Desalination Plant) басшыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
-
ҰОК президенті Нұрбек Оралбайды құттықтады
Геннадий Головкин бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін (80 келі) иеленген Нұрбек Оралбайды жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.08.2024
Наверх