-
-
Ақтауда алғаш рет мәйіттік донор тіркелді: Жүрек басқа адамның өмірін сақтап қалды
Ақтаудың облыстық көпбейінді ауруханасында 45 жастағы ер адамның ми өлімі анықталған. Аурухана қызметкерлері туыстарына түсіндірме жұмыстарын жүргіп, жақындарының келісімінен соң, аурухана базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы мамандарымен бірлесіп жүрек алу операциясы жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.12.2025
-
Жалақы үш есе төмен, талап үш есе жоғары: Жастарға жұмыс табу неге қиын?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елімізде жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 330 мыңды құрап, жұмыссыздар деңгейі 4,6%-ды көрсетіп отыр. Бұл халықаралық стандарт бойынша өте төмен көрсеткіш. Алайда бұл көрсеткіш еліміздегі экономикалық жағдайды толық ашпайды. Әлі де елімізде жұмыссыздық мәселесі, жастардың шетелге жұмыс іздеп кетуі, ауыл мен қала арасындағы айырмашылық және жалақаның тұрақсыздығы деген секілді мәселелер бар. Жұмыссыздық деңгейі өсуінің ел экономикасына тигізер әсері туралы BAQ.KZ тілшісі экономист маманмен талқылап көрді.
11.12.2025
-
ҰБТ халықаралық форматқа өтеді: Бұл оқушыларға қалай әсер етеді?
Қазақстанда ETS халықаралық ұйымымен ынтымақтастық аясында қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту басталды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті BAQ.KZ редакциясының ресми сұрауына берген жауабында мәлімдеді.
11.12.2025
-
Астана көшелерін енді жасанды интеллектпен тазалайды
Астанада коммуналдық саланы енді жасанды интеллектіге негізделген жүйелер басқарады. «Астана Тазалық» кәсіпорны жұмыс процесіне бір емес, бірнеше цифрландырылған жүйелерді енгізіп, қала тазалығын мақсатты түрде қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Қазақстанда сотталғандарды 45 мыңнан астам камера бақылап отыр
Елімізде ҚАЖ мекемелерінің барлығына 45 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары – "Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің" төрағасы Абай Қайырбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Көлік жүргізушілеріне құлаққағыс: 2026 жылы айыппұлдар өседі?
Бұрын көлікте белдік тақпау және ұялы телефон пайдаланғаныңыз үшін 5 АЕК немесе 19 660 теңге төлейтін болсаңыз, 2026 жылы ол үшін - 21625 теңге төлейсіз. BAQ.KZ тілшісі басқа да әкімшілік айыппұлдар бағасының өзгерісін зерттеп көрді.
10.12.2025
-
Алаяқтар енді "домофон" арқылы алдауға шықты
Әлеуметтік желіде көпшілік назарын аударған бір аудиожазба тарады. Онда көпқабатты түрғын үйлердегі «домофон» арқылы алаяқтар деректеріңізге қол жеткізуге тырысады. BAQ.KZ тілшісі алаяқтардың құрығына түспес үшін бірнеше кеңес береді.
09.12.2025
-
WorldSkills Kazakhstan-2025 жеңімпаздары анықталды
Бүгін Астанада WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтіп, үздіктер марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.12.2025
-
Құндылыққа негізделген білім: Елордада педагогтер форумы басталды
Бүгін білім беру саласының өкілдері бас қосқан «Құндылық. Тұлға. Болашақ» атты республикалық педогогтер форумы өз бастауын алды. Форум адамзаттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау, педагогтер мен әдіскерлердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатын алға тартады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.12.2025
-
Несие кезіндегі сақтандыру: не өзгерді және нені білу керек?
Қазақстанда соңғы жылдары банк өнімдерімен бірге ұсынылатын сақтандыру қызметтері қаржы нарығындағы ең талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Несие рәсімдеген кезде қосылатын полис, клиенттің келісімінсіз берілетін қызметтер және олардың құқығы төңірегінде қоғамда көптеген сұрақ туындап келеді. BAQ.KZ тілшісі осы саладағы басты өзгерістер мен талаптарды талдап көрді.
09.12.2025
-
Шопандар үшін тың мүмкіндіктер: Тегін оқу, тұрғын үй және ерте зейнет
Үкімет алдағы 2026–2030 жылдарға арналған «Мал шаруашылығын қолдау және дамыту» бағдарламасын әзірлеуде. Онда бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылып отыр. Осы тұрғыда BAQ.KZ тілшісі Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннен жоба туралы сұрады.
08.12.2025
-
Волонтерлік – өмір мәні: Астанада еріктілер сайысы өтті
Ерікті болуды міндет деп емес, жанның қалауы деп санайтын жастар бүгін елорда төрінде бас қосып, Халықаралық еріктілер күні мерекесінің қарсаңында бәйгеге түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.12.2025
-
Біздің назарда: желідегі даулы видеоларға шолу
Бес жастағы баланы бар пәрменімен тепкен азамат қандай бап бойынша жауапкершілікке тартылады?
07.12.2025
-
Жасанды интеллект: Қазақстан колледждерінде жаңа мамандықтар пайда болады
Жасанды интеллектіні білім беру саласына енгізу – көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан келесі жылы мамандықтар мен біліктіліктердің ресми тізбесінде айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Асет Мұханбетовтен сұрадық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.12.2025
-
Айбар Олжай: инфляцияны жеңу үшін мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту қажет
Демалыс маусымы жақындағандықтан, халық арасында долларға сұраныс артуда. Экономист пікірінше, осыған дейін инфляциямен күресте импорт бағасының қымбаттамауына біршама үміт артылған еді. Теңге күшейсе немесе оның бағамы белгілі бір дәрежеде тұрақтанса, елімізге келетін импорттың да бағасы тынышталады деген күтулер болды. Дегенмен экономист "15 минуттық экономика" жобасында талқылап, кез келген уақытта бұл жағдайдың өзгеріп кетуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.12.2025
-
Қатаңдыққа бет бұру: рекордтық мөлшерлеме инфляция мен теңгеге қалай әсер етеді?
Қазақстанда базалық мөлшерлеме ел тарихындағы ең жоғары деңгейде – 18% болып тұр. Ұлттық банк оны кем дегенде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы аяқталғанға дейін төмендетуді жоспарламайтынын мәлімдеді. Қаржы реттеушісі инфляциялық тәуекелдер әлі де жоғары екенін, ал инфляцияны төмендету үшін оның ұзақ уақыт бойы тұрақты баяулауы қажет екенін атап өтті. BAQ.KZ тілшісі экономистермен сөйлесіп, ағымдағы мөлшерлеме сақтала ма және бұл шешім ел экономикасына қалай әсер ететінін сұрады.
05.12.2025
-
Жоғары базалық мөлшерлеме және салық реформасы: 2026 жылы өсім неге баяулайды?
2025 жылы инфляция 12-13% болса, 2026 жылы 9,5-12,5% шегінде күтіледі. Келесі жылы инфляция қатты түсе қоймайды деп болжайды экономист, сарапшы Айбар Олжай. Бұл туралы ол "15 минуттық экономика" жобасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.12.2025
-
Әлемдік инфляция және орталық банктердің қатаң саясаты: экономист талдауы
Азық-түліктің әлемдік бағасы қазір жоғары деңгейде. Бұл туралы экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Инфляция неге тоқтамай тұр? – сарапшы түсіндіріп берді
Еліміз 2025 жылды 18% деген базалық ставкамен аяқтайын деп отыр. Бұл – суверенді республика формасындағы еліміздің отыз жылдық тарихындағы ең жоғары базалық ставкалардың бірі. Экономист, сарапшы Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында базалық ставка мен инфляция деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Ауылдарда таза су жеткілікті – СҚО әкімі
СҚО-дағы ауылдық елді мекендердің 100%-ы сапалы сумен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
Наверх