Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венадағы лаңкестіктен кейін елдің құқық қорғау органдары Солтүстік Кавказдан келген иммигранттарды ұстап жатыр. Бұл туралы Ресей Федерациясының елдегі елшісі Дмитрий Любинский «Россия-1» телеарнасының эфирінде хабарлады.
Аустрияның астанасы ғана емес, басқа да қалаларында көптеген тұтқындау туралы хабарланды. Ұсталғандар арасында балқан, ислам әлемінен, Солтүстік Кавказдан келген иммигранттардың болуы туралы мәліметтер бар, - деді дипломат.
Любинский сонымен қатар шабуылда зардап шеккендердің арасында ресейліктер жоқ екенін айтты.
Атыс шабуылдары дүйсенбі, 2 қарашада Венаның алты ауданында, соның ішінде қала орталығында орналасқан синагогада болды. Шабуылдардың салдарынан 17 адам, оның ішінде бір полиция қызметкері зардап шекті. Төрт адам террорлық шабуылдың құрбаны болды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға