Australian Open: Рыбакинаның қарсыласы анықталды

11 Қаңтар 2024, 09:47
439
Бөлісу:
Australian Open: Рыбакинаның қарсыласы анықталды
Фото: RRaketkasi телеграм-каналы

Теннистен әйелдер арасында 14-28 қаңтарда өтетін Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

RRaketkasi телеграм-каналының ақпаратына сәйкес Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді. 

Елена алғашқы айналымда жеребеге сәйкес әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі. 

Одан өтсе, испаниялық Кристина Буча немесе ресейлік Анна Блинкованың біреуімен жолығады. 

Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.

Өзгелердің жаңалығы