Australian Open: Рыбакина мен Путинцева турнирге қатысуға өтініш бергендердің тізіміне енді

7 Желтоқсан 2023, 06:48
444
Бөлісу:
Australian Open: Рыбакина мен Путинцева турнирге қатысуға өтініш бергендердің тізіміне енді
Фото: baq.kz

2024 жылғы Аустралия ашық чемпионатынына кімдердің қатысатыны белгілі болды. Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева 14-28 қаңтар аралығында өтетін Australian Open-2024 турниріне қатысушылардың тізіміне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тізімді әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек (Польша) бастап тұр. Елена Рыбакина турнирде төртінші нөмірмен, ал Путинцева 67 нөмірмен ойнайды.

Елена Рыбакина 2023 жылғы Аустралия ашық чемпионатында финалға дейін жетіп, онда Арина Соболенкодан жеңіліп қалды 6:4 3:6 4:6.

Ал Юлия Путинцева Australian Open 2023 турнирінің екінші айналымда чехиялық теннисші Каролина Плишковаға есе жіберді - 0:6, 5:7.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатында ойнайтынын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Даниал Рахматуллаев, Виталий Зацепин, Ілияс Маратұлы және Айя Нұпбай іріктеу сайыстарында бақ сынайды.

Өзгелердің жаңалығы