Australian Open-2023: Кукушкин іріктеу сайысының жартылай финалына шықты

10 Қаңтар 2023, 19:45
843
Бөлісу:
Australian Open-2023: Кукушкин іріктеу сайысының жартылай финалына шықты

Қазақстандық Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарын сәтті бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүниежүзілік рейтингте 195-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 157-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен шеберлік байқасты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

М.Кукушкин бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде де өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4.

Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 9 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) ерекшеленді.

М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 138-ракеткасы, жапониялық Ёсуке Ватанукимен таласады.

Өзгелердің жаңалығы