Аурухана тегін дәрі-дәрмектерге мұқтаж адамдардың тізімін қысқартып тастаған

15 Тамыз 2024, 16:52
430
Бөлісу:
Аурухана тегін дәрі-дәрмектерге мұқтаж адамдардың тізімін қысқартып тастаған
Фото: BAQ.KZ -архив

Жылыой ауданы прокуратурасы дәрігерлердің азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету міндеттерін елемеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, аудандық ауруханамен есепте тұрған тегін дәрі-дәрімек алатын азаматтардың саны негізсіз қысқартылған, сондай-ақ тауар жеткізушімен дәрілік заттар уақтылы жеткізілмеген.

Қадағалау актісі бойынша орталық ауруханада қант диабеті, артериалдық гипертензия диагноздармен есепте тұрған 4 054 азаматтарға 19 155 349 теңгеге 4 866 қаптама көлемінде дәрі-дәрмектер (Джардинс, Инвокана, Тражента, Форсига және т.б.) берілді. Тұрғындардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Аудандық аурухананың жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы